Отбасын құру жауапкершілікті талап етеді

Бүгінде жастар отбасы құруға салғырт қарайды.

Кәсіпқой емес медиатор Б.Нұржанов үйленіп отау құрғалы отырған бір топ жастармен кездесіп, медиация туралы түсінік берді. Қазіргі уақытта ауданымызда неке бұзу саны азаймай отырғанын атап өтті. Отбасын құрар кезде отбасылық өмірге дайын болу керектігін, арада сыйластықтың болуы, балаларға тәрбие беру мәселесін бірге қарастыру, қиындықты отбасы болып ақылдасып шешу, шыдамдылық таныту қажеттігін түсіндірді. Сондай-ақ ол «үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды» дегендей, жанұядағы даулы мәселені сотқа жеткізбей шешуге шақырды. «Медиацияның мақсаты – дауды шешу кезінде екі жақтың да талабын қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және дауласу деңгейін төмендету»,-деп аяқтады өз сөзін.

Кездесу соңында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Н.Сауытов жас отбасыларға неке қию туралы куәліктерін табыс етті.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521