Партиялық кадрлық резервке іріктеу басталды

Брифингке БАҚ өкілдерінен "Қазақстан-Атырау" телеарнасы, "Алтын адам", "Кең Жылой", "Құлсары" газеттерінің тілшілері қатысты.

Осы аптада "Nur Otan" партиясының Жылыой аудандық филиалында жергілікті БАҚ-тардың қатысуымен партиялық кадрлық резервке іріктеудің басталуына байланысты брифинг өткізілді.

БАҚ өкілдеріне "Nur Otan" партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов кадрлық резервке іріктеуге қатысу және партияның ядролық электоратын қалыптастыру үшін өтінімдер беру ережелері туралы түсінік берді.

kadrlik1

Түстен кейін «Кең Жылыой» мәдениет үйінде партияның аудандық филиалына қарасты 12 бастауыш партия ұйым төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері, Саяси кеңес бюросының мүшелерімен кеңес өтті. Оны аудан әкімі Азамат Бекет ашып, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.

Сөз кезегі "Nur Otan" партиясының Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевқа берілді. Ол кадрлық резервке іріктеу жұмыстары қалай жүзеге асырылатыны туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

-Партиялық кадрлық резервке іріктеу пилоттық режимде облыс бойынша Жылыой ауданында ғана өткізілуде. Өтінімдер бұған дейін ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы хабарланғандай 2019 жылғы 28 қазаннан бастап қабылдануда. Өтінімдерді қабылдау 4 қараша күні сағат 18.00-де аяқталады.

kadrlik

Іріктеуге Қазақстан Республикасының 20 жастан асқан, соттылығы жоқ және Жылыой ауданы аумағында тұратын азаматтары қатыса алады. Партиялық кадр резервіне іріктеуге партия мүшелері ғана емес, "Nur Otan"партиясына кіруге ниет білдірген партиясыз азаматтар да жіберіледі. Партиялық кадр резервіне іріктеу Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Яғни "Ядролық электоратты қалыптастырудың" бірінші импульсі. "Ядролық электорат" - бұл халық пен партияның мүддесін қорғауға қабілетті партиялықтардың пулы, ел мен азаматтарымыздың өміріне немқұрайлы қарамайтын жаңа көзқарастары бар адамдар.

Партиялық кадрлық резервке іріктеу — бұл партияның ядролық электоратын қалыптастырудың алғашқы қадамы,-дейді Нұрлыбек Ожаев.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521