Теміржол вокзалында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде

 Мұндағы мақсат - әлемді үрейлендірген жұқпалы дерттің алдын алу, болдырмау.

Елімізде Президент Қ.Тоқаевтың Жарлығымен төтенше жағдай жарияланғаны дер кезінде қолға алынған аса дұрыс шешім болды. Қазіргі кезде карантин жарияланған аймақтарға жолаушылар тасымалдайтын көлік түрлерінің қатынауы шектелді. Жолаушылар пойыздарымен жүздеген жолаушылар қатынайтындықтан Құлсары қаласындағы теміржол вокзалында ауру таралу ықтималдылығы жоғары.

Сапарлап жүрген мыңдаған адамдар күн сайын кассалардан билет сатып немесе оны қайта өткізу мақсатымен әуре. Сондықтан осы көпшілік орынға залалсыздандыру жұмыстары бірінші қолға алынды. Жылыой ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «ЖылыойДезсервис» ЖШС-нің қызметкерлері Құлсары вокзалында дезинфекция жұмыстарын жүргізуде. Мұндағы мақсат - әлемді үрейлендірген жұқпалы дерттің алдын алу, болдырмау.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521