Үздіктер марапатталған күн

Атырау облысында «Nur Otan» партиясы үздік мүшелерін марапаттады

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында салтанатты жиналыс өтіп, белсенді партия мүшелеріне марапаттар тапсырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

nurotan17

Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Ноғаев партия мүшелерін «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен және алғыс хаттармен марапаттады. Марапат алғандар қатарында депутаттық корпус өкілдері, партияның қоғамдық қабылдауы, кәсіпкерлер мен мәдениет саласының өкілдері бар. Құттықтаған аймақ басшысы Тәуелсіздік күнінің әр қазақстандық үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

nurotan19

- Елбасының саясаты мен президент тапсырмасы аясында елімізде азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған көп жұмыстар атқарылуда. Аймақта жасалған жұмыстар да халықтың әл-ауқатын арттыруды мақсат етті, - деді Нұрлан Ноғаев.- Сіздер арқылы жұртшылыққа елімізде болып жатқан оң өзгерістерді жеткіземіз.

Салтанатты жиналыста 14 аталым бойынша өткен байқау қорытындысы жарияланды. Олардың арасында партияның үздік қызметкері, партия фракциясының үздік депутаты, қоғамдық қабылдау, үздік партия жобасы, үздік бастауыш ұйым бар.

nurotan18

Партия жүзеге асырған жобалардың бірі - жастар театры Испанияның Льорет де Мар қаласында өткен «Theatrical Talents» фестивалінде жоғары дәрежеде өнер көрсетті. Атыраулық жастар театры Мұқан Томановтың «Тұтылу» антидрамасын сахналады. Қойылым қазақ тілінде өтіп, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Енді қазақстандық жастар театры Италия, Франция, Грузияда өтетін байқауларға қатысады. Театр жетекшісі Әміржан Нұрланұлы облыс әкіміне Испания корольдігінің жастар өнерін дамытуға үлес қосқаны үшін берген алғысхатты табыстады.

- Біздің жастарымыз талантты. Халықаралық жарысқа қатысып, жеңіп, еліміздің атағын аспандаттыңыздар. Бұл ел тәуелсіздігіне қосқан үлес. Біз әрқашанда жастарды қолдаймыз, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521