var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

«Жылыойгаздың» жемісті 10 жылы

Серіктестік «Теңізшевройл» ЖШС Теңіз кенішінен игеретін табиғи газды сатып алып, таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдап, тұтынушылардың газ қондырғыларына дейін жеткізіп береді. «Жылыойгаздың» осы маңызды қызметті абыроймен атқарғанына биыл нақ 10 жыл толып отыр. Бұл – «Жылыойгаздың» ғана емес, әр жылыойлықтың да мерекесі деуге болар. Өйткені серіктестіктің қызметі арқылы аудан тұрғынының әр шаңырағы көгілдір отынның игілігін көріп отыр.

Ұжымның алға қойған мақсаты анық, жоспары нық. Бұл жөнінде «Жылыойгаз» ЖШС директоры Ғалым Жақашев:

- Болашаққа деген жоспарымыз – 5 жылға инвестициялық бағдарлама бекіту, инвестициялық бағдарлама аясында Құлсары қаласында жаңадан салынғалы жатқан ықшамаудандарға және елді мекендерге жаңа газ құбырларын жүргізу, жаңа газ қондырғыларын орнату, қондырғылар мен құбырларды қазіргі заманауи технологиямен жаңғырту, яғни газбен жадықтау жүйелерін технологиялық үрдіспен басқару үшін автоматтандырылған жүйе құру, - деп сөзін түйіндеді.

Иә, 10 жыл ішінде қат-қабат жұмыстарды атқарып, ауқымды жетістіктерге қол жеткізген серіктестік алдарындағы ең бірінші міндет – тұтынушыны газбен қауіпсіз әрі толассыз қамтуды бір сәтке де ұмытқан емес. «Жылыойгаздың» Жылыойдағы әр шаңыраққа айтары да бір ғана - «Ошағыңызда от сөнбесін» деген жүрекжарды тілек!

С.МҰРАТҚЫЗЫ

Толығырақ газетіміздің №36 санынан оқи аласыздар.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner