Бала жүрегіне шаттық сыйлаған

Шарадан ата-аналар мен оқушылар жақсы әсер алды.

№ 17 жалпы орта білім беретін мектептің психологі А.Жүнісованың хабарлауынша, таяуда мектеп психологі мен әлеуметтік педагог З.Басжанованың ұйымдастыруымен оқу орнында даму мүмкіндігі шектеулі оқушылар мен олардың ата-аналарымен бірлесіп «Шаттыққа толы жүрекпен» атты жанұялық тренинг өткізілген. Оған барлығы 4 отбасы қатысты.

17mektep1

-Мақсатымыз: мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы қабілетін аша білу, бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста болуына атсалысу. Жан-жақтылыққа, өздігінен еңбектенуге үйрету, көңіл күйін көтеріп, баланың икемділігін анықтап, қызығушылығын арттыру, зейінін дамыту болып табылады,-дейді А.Жүнісова.

17mektep2

Тренингте оқушылардың әртүрлі мектепішілік шараларға қатысқаны бейне слайдтармен көрсетілді. Дидактикалық тапсырмалар, ұсақ моторикаға арналған жаттығулар, «Мен білгім келеді?» деген тақырыппен сұрақ-жауап ұйымдастырылып, «Саяхатқа бірге шығайық!» атты қазынаны табу, «Суретші болғым келеді» сурет салу ойындары өткізілді.

Шарадан ата-аналар мен оқушылар жақсы әсер алды. Отбасымен қатысқан оқушылар арнайы сыйлық пен алғысхаттармен марапатталды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521