Брейн-ринг

Сайыс мақсаты - оқырмандардың білімге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру

Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен №8, №20 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және 5,6,7-сынып оқушыларының қатысуымен «Брейн-ринг» атты сайыс өтті. Оқырмандардың білімге деген қызығушылығын ойын арқылы арттыру; шапшаңдық, ойлау, тапқырлықпен жылдам жауап беруге дағдыландыру; ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз ойын ашық айта білуге үйрету мақсатында өткен сайысқа «Алғырлар» және «Үміткерлер» қатысты.

breinring1

Ойын сайыс 6 кезеңнен тұрды. Осы ойын шарттарынан 2 топ та сүрінбей өтіп, кітапхана қызметкерлерінен құралған әділқазы мүшелері Света Кереева, Арайлым Жұмаханова және Бибісара Сабыровалар әділ бағаларын берді. Нәтижесінде мықты белсенділік пен тапқырлықпен, алғырлықпен №20 мектептің оқушылары - «Үміткерлер тобы» Сұлтан Қожахметов, Арайлым Боранбаева, Гүлдария Серік, Айкөркем Елтайқызы, Мәдина Бауыржанқызы, Сабина Нұрланқызы І орынға ие болып, №8 мектептің оқушылары Камила Туманова, Альбина Қабыл, Наркиза Қабыл, Эльвира Данабай, Іңкәр Серік ІІ орынмен марапатталды. Сайысымызға 30 оқырман қатысып, кітапханамызға жаңадан 6 оқырман тіркеліп, 4 оқырман кітап жаздырып алды.

Аудандық балалар кітапханасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521