ads_banner

ҰБТ көбейген сайын ұтарымыз көп

Өйткені 2018 жылғы 11 желтоқсандағы министрліктің нұсқаулық хатына сәйкес еліміздің 11-сынып оқушыларына енді төрт рет тест сынағынан өтуге мүмкіндік туды.

Аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айымгүл Қалиеваның айтуынша, олар қаңтар мен наурыз, маусым-шілде және тамыз айларында өтеді. Мұның ішінде жаз мезгіліндегі ҰБТ сынағы ғана арнайы білім грантына қол жеткізуге мүмкіндік береді.Қалған айларда тест тапсырып, жеткілікті балл иеленген түлектер ақылы негіздегі оқу орындарына түсе алады.

Айымгүл Сәрсенбайқызының берген мәліметіне сүйенсек, қаңтардағы алғашқы ҰБТ сынағына ауданнан 243 түлек қатысқан екен. Орташа балл 64,5 балды құрады. 73 оқушы шекті деңгейге, яғни 50 балға жетпей қалса, 22 бала ең төменгі балл алған. 10 түлек қана 100 балдан жоғары ұпай жинады. №6 орта мектептің 11-сынып оқушысы Ырыс Тұрашева 125 балмен жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Толығырақ газетімізден оқ аласыздар

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner