Әлішер мен Болатбек үздіктер қатарынан көрінді

Лицей оқушылары үздіктер қатарында

Дарында балаларға арналған Жылыой лицей-интернатында оқушыларға жаратылыстану, ағылшын тілі, биология, химия, физика, математика, информатика пәндері ағылшын тілінде оқытылуда. Жақында лицей оқушылары Ақтау қаласында өткен халықаралық тестілеуден үздік бағамен оралды.

-IELTS (International English Language Testing System), бұл - ағылшын тілі бойынша халықаралық тестілеу жүйесі. Британдық Кеңес, Кэмбридж университеті ESOL және IDP Education Pty Ltd әкімшілік ететін, ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған стандартталған тест. Ал SAT (Пәндік тест) - студенттердің АҚШ-тың жоғары оқу орындарының бакалавриат бағдарламасына түсуге белгілі бір пәндерді меңгеру қабілеттілігін бағалауға арналған стандартталған тест. Жалпы бес пәндік бағыт: ағылшын тілі, тарих, тілдер, математика және жаратылыстану ғылымдары бойынша 20 пәндік тест бар.

Біздің лицейдің екі бірдей оқушысы үздік бал жинады. Оқушымыз Әлішер Нұрмұханов ағылшын тілі бойынша тестілеуден 9.0/7.0 балл жинады, тыңдау-7,0 балл, оқу-8.0 балл, жазу-6.0 балл, сөйлеу - 6.0 балл жинап жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Пәндік тестіден физика пәнінен - 800/800 балл, математикадан II - 800/800 балмен үздік болды. Екінші оқушымыз Болатбек Дәріғұлов та ағылшын тілі бойынша тістілеуден 9.0/7.5, балл жинады. Тыңдау - 8.5 балл, оқу - 8.0 балл, жазу - 6.0 балл, сөйлеу - 7.0 балл. Физика пәні бойынша пәндік тестіден 800/800 балл, математика II - 800/800 балл жинады,-дейді лицей директоры Сакен Талдахметов.

Лицей директорының айтуынша мұндай жоғары бал жинау сирек кездесетін жағдай көрінеді. Аталған халықаралық тестілеу өткізгендердің өзі оқушылардың біліміне, білім беріп отырған лицей білім деңгейіне таңданысын жасыра алмапты. Ел болашағы - білімді ұрпақ қолында. Үздіктеріміз үмітті ақтайды деп сенеміз.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521