Менің алғашқы мұғалімім

Ұстаз...

Ұстаз... Осы сөзде қаншама ұлылық жатыр десеңізші! Ұстазсыз адам болмайды. Әр ғалымның, әр данышпанның, әр шебердің де өзі пір тұтатын ұстазы болады.

Менің ұстаздық мамандықты таңдауыма себеп болған адам, ол - менің алғашқы ұстазым - Бітешова (Бозданова) Баян. 1980 жылы ең алғаш Н.Островский атындағы орта мектеп табалдырығын аттап, білім деген теңізге сүңгіген уақытымда қолыма қалам ұстатып, әріп танытқан мұғаліміме деген алғысым шексіз. Сол кездердегі Баян апайымның сырт келбеті, сөйлеген сөзі менің жадымда жатталып қалды.

Әр сөзі анамның «Айналайыны» сияқты естілетін апайым сияқты ұстаз болуды армандадым. Баян апайым – мен үшін ұстаздардың ұстазы. Мен де – ұстазбын. Мен де өз шәкірттерімді тәрбиелеп, олардың болашақта жақсы азамат болып қалыптасуына өз үлесімді қосып жүрмін. Біз тәрізді ұстаздық мамандықты таңдаған шәкірттерім де бар. Олар: Жанар Өтебаева, Жадыра Төлегенова, Көркем Өмірзақова, Әсем Елдесбаева, Альбина Күмісова, т. б. Олардың жеткен жетістіктерін естіген сайын сол жетістікке өзімнің де қосқан үлесім бар екеніне марқайып, мақтанамын.

Білім саласында еңбек еткеніме жиырма жылдай уақыт болыпты. «Менің ұстазым», «Менің апайым» деп шәкірттерім құрметтегенде төбем көкке бір елі жетпей қалады. Мұғалім мамандығын бекер таңдамағаныма риза боламын. Ұстаздар – ең батыл жандар! Олар қай ғасырда да ұлықтауға тұрарлық!

Айымгүл Қалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521