ads_banner

Оқушыларымыз – облыстық олимпиада жүлдегерлері

Оған 13 пәннен 705 оқушы қатысып, өз білімдері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде 241 оқушы жүлдегер атанды. Жүлделі І орынды - 40, ІІ орынды - 85, ІІІ орынды - 116 оқушы иеленіп, білім бөлімінің дипломдарымен және сыйлығымен марапатталды.

Қаңтар айында Атырау қаласында өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 32 оқушы жолдама алып, қатысты. Екі күнге созылған білім додасында орыс тілі, қазақ тілі, Қазақстан тарихы, мемлекеттік тіл, география, физика, химия пәндерінен жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар болды.

Жүлдегерлер анықталып, Білім беру басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №1 орта мектептің 9-сынып оқушысы Айымгүл Төребаева мен мемлекеттік тілден №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің 9-сынып оқушысы Диляра Шафигуллина І орынды иеленді. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен №22 орта мектептің 10-сынып оқушысы Ерлан Тұраров пен Қазақстан тарихынан 11-сынып оқушысы Айболат Тапаев II орынды иеленді.

№10 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Гүлбақыт Рысбаева қазақ тілі мен әдебиетінен, физика пәнінен №6 орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрханым Рахимова, химия пәнінен №15 С.Карабалин атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Сабина Орынбасарова, география пәнінен №16 Д.Жазықбаев атындағы мектептің 10-сынып оқушысы Аминат Төлеуовалар ІІІ орынға ие болды.

№18 М.Сатыбалдиев атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Малика Ахмед мемлекеттік тілден, №1 орта мектептің 10-сынып оқушысы Жадыра Әбдіғалиева құқықтық білім негіздерінен қатысып, білімге деген ынтасы үшін облыстық Білім беру басқармасының алғысхатымен марапатталды. №6 орта мектептің 11-сынып оқушысы Нұрханым Рахимова КБТУ университетіне мамандық бойынша оқуға 30% жеңілдік сертификатын жеңіп алды.

Ж.Шаңқанова

COVID 19

covid

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Жарнама

ads_banner2

ads_banner