Сегіз қырлы, бір сырлы Нұрдәулет

Білімді де білікті, тәрбиелі, озат оқушы Нұрдәулет Мақсотов қазақ-түрік лицейінің 9 сыныбында оқиды.

Ол өткен оқу жылында «Робототехника» жобасы бойынша жүргізілген облыстық оқушылар арасындағы байқауға қатысып, «Роботпен киімді бүктеу» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғады. Жүлделі орынмен марапатталды.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желілерде парақшалардың, жеке профильдердің дизайнын, логотип пен жеке визиткаларды әзірлейтін, графикалық дизайндар жасайтын өзінің жеке блогын ашты.

Нұрдәулет суретті де керемет салады. Табиғат, экология туралы пейзаж жұмыстары өте көп. Оның болашағынан зор үміт күтуге болады.

Н.Сүйембаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521