Сонымен каникул қашан?

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мектеп оқушылары 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникулда болады.

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді. Үкімет мүшесі бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтты.

Коронавирусқа байланысты құралған комиссия 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шаралар, конференциялар, көрме, семинарларға тыйым салу; Білім, денсаулық сақтау, қонақүйлер, әуежайлар санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізілу; Каникул кезінде оқушылар басқа қалаларға шықпау керек деген шешім шығарылды. Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушыларына каникул болады, - деді Тоғжанов.

Ал колледждер мен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап дистанциялық оқуға көшеді.

Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ

baq.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521