Жарқын болашаққа жаңа қадаммен

Өткен аптада аудандық мәдениет үйінде түлектерді марапаттау кеші болған еді.

Өткен аптада мәдениет үйінде түлектерді марапаттау кеші өтті. Залға балалық балдәурен шақты артқа тастап, үлкен өмірге үкілеген үмітпен қадам басқалы отырған оқушылар, ұстаздар мен ата-аналар жиналған.

Сахна шымылдығы қыз-жігіттердің орындауындағы вальспен ашылды. Бұдан соң үлкен экраннан мектепке тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан оқушылар туралы, оларға білім нәрін төккен аяулы ұстаздары туралы шағын сюжет көрсетілді. Осы сәтте барлық түлектің көздерінен қимас сезімді байқадық.

Алғашқы құттықтау тілекті аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова алып, «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» ие болған оқушыларды марапаттады. Биыл аудан бойынша 20 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Атап айтсақ, №5 мектептің оқушылары Перизат Сағынғалиева, Гүлбақыт Сенебай, №4 мектептің оқушылары Иманғали Нұрланұлы, Айнұр Үбіғалиева, Жазира Нұрбергенова, Дәулет Жақсығалиев, №1 мектеп оқушылары Малика Штаконова, Жұлдыз Айтбаева, Жайнагүл Қабидуллиева, №7 мектеп оқушылары Асылжан Айсанова, Айжан Ерсайынова, №22 мектеп оқушылары Назерке Ізғалиева, Альбина Абаева, №16 мектеп оқушылары Гүлқұмар Төлегенова, Әйнел Сатаева, №9 мектеп оқушылары Арайлым Елемесова, Диас Байтанат, Асылай Айтқалиева, Гүлжахан Қазыкен, №18 мектеп оқушысы Дана Төлептер алғысхат, сыйлықтармен марапатталды. Бұдан соң «Үздік аттестат» иегері атанған №9 мектеп оқушылары Иманғали Қылынбаев, Бибира Досқайрова, №1 мектеп оқушысы Ақмарал Сәрсенханова, №21 мектеп оқушысы Айнұр Егінбаева, №6 мектеп оқушылары Ақбота Сұлтанова, Ризанна Сабирова, Айгерім Тұрарбекова, №22 мектеп оқушылары Ақерке Әлібекова, №18 мектеп оқушысы Риза Ермекқалиева, №8 мектеп оқушысы Әнел Берікбаева ұлғыланды. Барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.

v

Бұдан соң сөз кезегі оқушылар мен ата-аналарға берілді. Олар 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға алғысын білдірді. Бүгінгі күннің алтын ұя мектебін бітіріп, қияға қанат қағатын түлектер үшін ең бір қымбат, ең бір қимас, ең бір ұмытылмас, жүрек тебірентер сәт екенін айтуда. Аудан өнерпаздары мектеп, мұғалім туралы әндер шырқады.

П.ҚИЗАТОВА

Суреттерді түсірген А.ДОЛЫБЕКОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521