ads_banner

Жас мамандарға диплом табыс етілді

Өткен аптада Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық және техникалық колледжінің түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті.

Бұл арнайы кешке сахна әдемі безендірілген. Түлектердің де жақсы көңіл күймен келгендері көрініп тұрды.

Алдымен, үздік диплом иегерлерін аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова марапаттады. Колледж директоры Мадина Абдигалиева түлектерді құттықтап, оларға диплом табыстады. Сонымен қатар үздік оқып, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан түлек Лариса Найзабекова аудан әкімінің алғысхатымен, Алпамыс Даярдиев қала әкімінің алғысхатымен марапатталды. Ал басқа да белсенді студенттер Жастар ресурстық орталығының алғысхатына ие болды.

Колледж басшысы М.Абдигалиева ата-аналарды да алғысхатпен марапаттады.

Кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Ж.Шаңқанова

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner