Ақ халатты, ақ қанатты періштелер

Бәрекелді, өткенді еске алып бір жасап қалдық...

Биыл қаңтар айынан бастап «Көне суреттер» деген жаңа айдар ашып, атынан да көрініп тұрғандай редакция архивінде сақтаулы жатқан сарғайған фотосуреттерді жариялай бастадық. Осылайша ауданымызда туып-өсіп, еңбек еткен жандар туралы естеліктер тізбегі шығуда. Жаңа айдар оқырмандарымыздың да көңілінен шығып, олар редакциямызға «Бәрекелді, өткенді еске алып бір жасап қалдық. Ескі суреттерді көбірек жарияласаңыздар!» деген өтініші мен тілегін де қабат айтуда. Газетіміздің бұл санында ақ халатты дәрігерлердің суреттерін жарияладық.

daryger1

Шынында да, журналистер «ақ халатты абзал жан» деп атап кеткен мамандық иелерінің ерен еңбегін жоққа шығаруға әсте болмайды. Талай жанды ажал тырнағынан ақ қанатты періштедей құтқарып қалған, сырқатынан айықтырған апа-ағаларымызға алғысымыз шексіз. Дәрігерлер мен мейірбикелердің көбі бұл күнде зейнеткер болса, біразы өмірден өтіп те кетті. Алайда олардың мейірбан жүздері біздің есімізде ғана емес, ақ-қара түсті мына суреттерде де сақталып қалыпты.

С.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521