ads_banner

Иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері

Аудан бойынша соңғы кезде ата-аналардың діни көзқарасына қарай балаларын егуден бас тартуы – алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Осы бойынша 2018 жылы 41 бала екпе алмаған болса, 2019 жылдың 5 айы қорытындысымен 18 бала екпе алмаған (БЦЖ, ВГВ), яғни перзентханадан алынуы қажет екпелермен егілмеген, соның ішінде 16 жаңа туған нәресте Құлсары қаласынан, ал 2 бала Шоқпартоғай елді мекенінен АбКДС1+ВГВ2+ХИБ1+ИПВ1+ПНЕВМО1 екпелерін алмай отыр.

Егер сіз және сіздің отбасыңыз кейбір қосымша екпелерді алғыларыңыз келсе, онда бұл туралы өз дәрігеріңізбен сөйлесіңіз.

Күл (дифтерия): Күл – бұл жұқпалы бактериялық ауру, оның кезінде тамақта қалың қабық өсуі және тыныс жолдарының бітелуі байқалады. Иммундаудың енгізілуі күлмен аурушылдықты айтарлықтай азайтты. Бірақ соңғы жылдары екпе жасалған балалар санының азаюына байланысты күл (дифтерия) ауруы жиілей бастады.

Көкжөтел (коклюш): Көкжөтел - тыныс алу жүйесінің қауіпті жұқпалы бактериялық ауруы. Ол балалардың тыныс алуын қиындататын қатты жөтелдің себепшісі болып табылады. Бұл ауру осы уақытқа дейін жиі кездесуде, бірақ екпе аурудың өту барысын жеңілдетеді. Екпе жасалмаған балаларда жөтелдің ауыр ұстамасы байқалады. Екпе тек балаларға жасалады.

Сіреспе (столбняк): Сіреспе – бұл да жұқпалы бактериялық ауру, оның алғашқы белгілерінің бірі беттің шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы (спазм) болып табылады. Ары қарай жиырылу мойын, кеуде, аяқ және қол бұлшық еттеріне таралады.

Кеуде бұлшық еттерінің салдануынан науқас өліп кетуі де мүмкін, себебі ол өздігінен дем ала алмайды не қатты әлсіреп титықтайды. Бұл ауру әлі де кездеседі, бірақ иммундау нәтижесінде қазір әлдеқайда сиреді. Екпе туралы кітапшада берілген екпелер күнтізбесімен танысып, өзіңізге сіреспеге қарсы екпе дер кезінде жасалғанын тексеріңіз. Егер өзіңіз не балаңыз сіреспеге қарсы егілмеген болсаңыз (не қажетті екпелердің барлығын түгелдей қабылдамасаңыз), онда ауруды оңай жұқтыра аласыз. Жұқпа организмге мынадай қарапайым жолмен түседі, мысалы, тот басқан шеге не бақша тырмасымен жарақаттану кезінде тікен арқылы түседі.

Бактериялар тотта не топырақта, әсіресе көңмен тыңайтылғанда өмір сүреді. Ескерту: Әдетте күл, көкжөтел және сіреспеге қарсы екпе АбКДС деп аталатын біріккен екпе құрамында жіберіледі.

Полиомелит - ауыр вирустық жұқпалы ауру, ол жүйке жүйесін зақымдайды. Ол дене мүшелерінің тұрақты салдануының себебі бола алады. Бұрын екпе ине арқылы жіберілетін, бірақ қазір тамшы түрінде қасықпен беріледі.

Қызылша (корь): Қызылша – ұзақ уақыт бойы көп назар аударылмай келген өте қауіпті вирустық ауру. Ол мидың едәуір зақымдануына (энцефалит, яғни мидың қабынуы) әкелуі мүмкін. Баланың 12 айлығында жасалған бір екпе және оны 6-7 жаста қайталау аурудан жақсы сақтайды. Әдетте екпе дененің ауруға қарсы жаксы тұруын қамтамасыз етеді.

Мысқыл (паротит - свинка): Мысқыл - балалық шақта жиі кездесетін жұқпалы аурулардың бірі, қазір оны екпе арқылы бақылауға болады. Мысқыл кезінде жұқпа сілекей бездерін зақымдайды. Жұқпаның миға түсуі (яғни менингит, энцефалит тудыруы мүмкін) және ұлдардың аталық бездерін зақымдайды.

Туберкулез - бұл туберкулез таяқшасынан туындайтын жұқпалы ауру. Туберкулез таяқшасы жөтелу, түшкіру және сөйлесу арқылы беріледі. Негізінен, өкпені, бірақ дененің басқа бөліктерін де зақымдайды. Туберкулезге қарсы екпе-БЦЖ 5 жасқа дейінгі балаларда туберкулездің аса ауыр және өлімге әкелетін түріне қарсы бірқатар қорғанысты қамтамасыз етеді.

Вирустық гепатит В(ВГВ): Ол бауырды зақымдайтын гепатит В вирусымен туындайды. Көптеген адамдар бұл аурудан жазылады, бірақ кейбіреулерінде созылмалы және қауіпті ауру дамуы мүмкін. Аурудан жазылған соң да, адам айналасындағыларға ауруды таратушы болып қалуы мүмкін. ВГВ қауіпті аурулардың, мысалы, бауыр беріштенуінің (цирроз), бауыр обырының (рак) даму қаупін жоғарылатады.

М.Бекарыстанова,

Жылыой аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы

Сурет: ашық дереккөз

 

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner