Ит-мысықтан қауіп көп

Әлемде басқа тірі ағзалардың есебінен өмір сүретін паразиттер бар.

Паразиттерге ғылыми атауы «гельминттер» деп аталатын көптеген «құрттар» жатады. Гельминттер, негізінен, ауыз арқылы жұғады. Жұқпаның негізгі таралу факторы паразит жұмыртқаларымен ластанған кір қолдар болып табылады. Энтеребиозда паразиттер перианальдық мүшелерге жұмыртқа салады (әсіресе түнгі уақытта) және осы аймақта күйдіру және қышынуды туғызады. Тырнаған кезде тырнақ астына көптеген жұмыртқалар кіреді де, балалардың аузына қолын салу әдеті аутоинвазияға (қайтадан жұқтыруға) әкеледі.

Адам үшін эхинокок аса қауіпті, эхинококкоздың ауыр түрлерін жұқтыратын - иттер. Оған қоса иттер мен мысықтардан аскаридаларды жұқтыруы мүмкін. Сондықтан үй жануарларын гельминттерге тексеріп отыру керек. Барлық паразиттер адам ағзасына елеулі зиян келтіреді. Олар қанды және тіндердің шырындарын, асқазан-ішек жолдарынан адам ағзасын қоректендіретін барлық құнарлы заттарды сорып алады. Гельминттер қоректену кезінде ағзаға улы заттар бөледі, олар тез қанға сіңіп, тіндерге таралып, жүйке жүйесіне және аса маңызды органдарға әсер етеді.

Иттер, мысықтар бүргелері ішек құрт жұмыртқаларын тасымалдайды. Ал иттер болса, жұмыртқаларын жұтып, өзінің ылғалды дем алысы арқылы оларды 5 м-ге дейінгі қашықтыққа таратады, ал мысықтар 3 м-ге дейін. Мысалы: бөсір жұмыртқасы 6 айға дейін өмірге қабілеттілігін сақтайды және шаң-тозаң, ойыншықтар, кілемдер, киім және төсек жаймалары, қол арқылы ауызға түседі. Сырқаттану ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Аскарида жұмыртқалары дұрыс жуылмаған құлпынай, көк, кір қолдар арқылы жұғады. Шошқа етінен жасалған кәуап пен шошқа майлары 95%-ында трихинеллез бактерияларын жұқтырады. Адам ағзасында гельминттердің 150-ге дейін түрі болуы мүмкін, ал паразиттердің жұққанын анықтау өте қиын.

Кең таралған аурулардың ішінде іш қату, іш өтуі, желдер және іш кебуі, буындар мен бұлшық еттердің сырқырауы, анемия, аллергия, реңсіз тері, жүйкенің қозуы, ұйқының бұзылуы, тістерін қайрауы, созылмалы шаршағандық, иммунды бұзылулар. Сондай-ақ салмақтың артуы, шектен тыс ашығу, салмақ жоғалту, демікпе, эпилепсия және бас сақинасы ауруының болуы адам ағзасында гельминттер немесе паразиттердің бар екенін көрсетеді. Гельминтоз ауруларының белгілері: жүрек айну мен тәбеттің нашарлауы, бас ауру мен бас айналу, іш ауруы мен жалпы әлсіздік. Жұғу түріне қарай гельминттер 2 топқа бөлінеді.

  • Бірінші топқа топырақ, су, көкөніс және басқа да заттар арқылы жұғуы мүмкін паразиттер ( власо- глав, аскаридалар) жатады. Бұл гельминтердің жұмыртқаларын шыбындар жиі тасымалдайды.
  • Екінші топқа жануарлар мен балықтардың еттері арқылы жұғуы мүмкін гельминттер (трихинеллалар, эхинококк, жалпақ таспа құрт) жатады.

Дифиллоботриоз жұқтырғыш глистаның өміршеңдігі судан басталады, осы паразиттің личинкасы және жұмыртқасымен зақымданады. Жалпақ құрттар личинкасын су рачогі жұтып жібереді, личинка рачог денесінде жетіле бастайды. Зақымданған рачогті балық жейді, таспа құртты рачогтің денесінен балыққа ауысып, өзінің өмір сүруін жалғастырады және адамды зақымдауға күші жететін жағдайға келеді.Келесі өмір сүру кезеңі зақымданған балықты адам, үй жануарлары, жабайы аңдар, ит, мысық жейді. Адамның, жануардың ішкі құрылысына енген құрттар личинкасы өсу жолын жалғастырады, 3-5 аптадан зақымданған құрт жұмыртқалары өзінің өсу жолына жетеді. Өсіп жетілген құрт жіңіш-ке ішектің қабырғасына бас жақ бөлігімен жабысып орналасады. Адамның үлкен дәретінде қоздырғыш жұмыртқалары табылады.

Жеке бас гигиенасының қарапайым ережелерін сақтау гельминттерді жұқтырудан сақтануға мүмкіндік береді. Сондықтан әрбір адам гельминттер туралы және олар туғызатын аурулардың алдын алу жөніндегі қарапайым қағидаларды білуі керек:

1.Жеке бас гигиенасын қатаң сақтау;

  • қол мен тырнақты тазалықта ұстау, тамақ ішер алдында, дәретханадан, иттерге жақындағаннан кейін қолды мұқият жуу;
  • балаларды түнде және таңертең жуындыру, жамбас бөлігіне тығыз киілетін ішкиімдермен ұйықтату және күн сайын ауыстырып отыру;
  • төсек жаймаларын жиі ауыстыру, залалсыздандыру және ыстық үтікпен үтіктеу;
  • орынжайға сулы тазалау жұмыстарын жүргізу, тұрмыста және жеке пайдаланатын құралдарды ыстық бумен залалсыздандыру;
  • жемістер мен көкөністерді және т.б. жуып, пайдалану.

2. Иттерді ауру малдардың етімен тамақтандыруға тыйым салынады;

3. Үй жануарларын уақтылы дегельминтациялау;

4. Иесіз иттерді жою және т.б. жұмыстар.

Жұқпалы паразитарлық аурулармен күресу - бәріміздің ортақ ісіміз, қоғамда әрбір азамат жеке бас тазалығын және қоршаған орта тазалығына аса назар аударса, жұқпалы аурулар төмендеп, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы сөзсіз.

З.Тасбулатова,

аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің

сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521