Кинезитерапия

медицина саласының жаңа бір бағыты

- Бағдарламада несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, шағын несиелеу, несиені ішінара кепілдендіру, мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Банктен несие алып, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялай аласыз. Іске асырылатын жобаңыз аудан немесе ауылдық елді мекендерде болса, 19 пайыздан аспайтын мөлшерлемеде несие алуға болады. Оның 10 пайызын мемлекет, ал айырымын кәсіпкер төлейді. Ал жоба қалада іске асырылатын болса, 19 пайыздың 10 пайызын кәсіпкер, айырмасын мемлекет төлейді. Сонымен қатар жобаңыз жаңа бизнес идея болып жатса, мемлекет тарапынан қайтарымсыз 3 млн. теңгеге дейін грант ұтып алуға мүмкіндік бар. Яғни аталған грантты ұтып алу үшін сіздің жобаңыз сол орналасқан өңірде жоқ болуы немесе бұрын қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жүзеге асуы қажет,-дейді А.Мамбетиязов.

kinezeter

Қайтарымсыз қаражаттың қоғам үшін пайдалы іспен айналысатын кәсіпкерлерге берілетіні белгілі. Осы аталған бағдарлама бойынша грантты ұтып алып, өз кәсібін жасап отырғандардың бірі – Жанаргүл Мұстафиева. Ол емдік гимнастика кинезитерапия орталығын ашу туралы жобасын ұсынған болатын. 1,5 млн теңге көлеміндегі грантты ұтып алды. Бұл қаражатқа 2017 жылдың қараша айынан бастап Құлсары қаласынан емдік гимнастика - кинезитерапия орталығын ашты. Жанаргүлдің мамандығы дәрігер, терапевт болғандықтан бұл сала оған таңсық емес.

kinezeter1

- Кинезитерапия - медицина саласының жаңа бір бағыты, яғни қимыл-қозғалыс арқылы емдеу. Бұл тәсілмен  буын, омыртқа, тірек-қимыл жүйесін емдеуге болады. Қазргі кезде тұрғындар арасында остеохондроз, подагра, омыртқа мен буын аурулары көп кездеседі. Емдік гимнастиканы дұрыс қолданса, денені жылдам сергітіп, ауруға төзімділігін арттырып, қорғаныс қабілетін нығайтып, сырқаттың жылдам айығуына ықпал етеді. Күнделікті күйбең тіршілік қамымен жүріп, дәрігерге баруға да уақыт бөле бермейтініміз рас. Сондықтан тұрғындардың ыңғайлы уақытында келіп, емін алуы үшін емдік гимнастика-кинезитерапия орталығын ашуды ұйғардық. Жобаны жүзеге асыру үшін аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі арқылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бірыңғай бағдарламасына қатысып, 1,5 млн теңге мемлекеттік грантты ұтып алдық. Ол қаражатқа арнайы гимнастикамен айналысатын қондырғылар сатып алдық.

kinezeter3

Әзірге қаладағы бір ғимаратты жалға алып отырмыз. Айына 15-20 адам біздің орталықта емдік гимнастика курсынан өтеді. Оларға, алдымен, дәрігерлік қабылдау жүргізіледі. Нақты диагнозына байланысты арнайы жаттығулар тағайындалады. Емдік гимнастиканың ұзақтығы диагнозына байланысты 3 айдан 1 жылға дейін созылады. Біздің орталықта остеохондроз, бел, омыртқа жарығы, протрузия, буын аурулары, артрит, остеопороз, сал ауруы, инсульттан кейінгі оңалту, семіздіктен, яғни артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін гимнастикалар кешені бар. Өзіммен бірге бұл жерде емдік гимнастикаға келушілер үшін бір нұсқаушы жұмыс жасайды. Ер адамдар мен әйел адамдар үшін бөлек күндер белгіленген. Біздің басты мақсатымыз - ол адамдардың денсаулығын жақсарту,-дейді Жанаргүл.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521