var base_url = 'http://www.ken-zhyloi.kz/index.php?option=com_sppolls'

ads_banner

Медициналық сақтандыру қоры тегін дәрі-дәрмек беру нәтижесін қорытындылады

Өткен жылдың соңында Денсаулық сақтау министрлігі, Медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармация» ЖШС бірлесіп SMS-хабарлама жүйесін іске қосқан болатын. Атап айтқанда, 2018 жылдың қараша-желтоқсан айларында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына SMS-хабарлама жіберілді.

Барлығы 191 мың SMS жіберілген. Хабарламаларда рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетілді. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдау немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалу ұсынылған болатын.

SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, Қорға 2 881 пациенттен жауап келді. Оның ішінде 441 пациенттің дәрі-дәрмек алмағаны белгілі болды. Тағы 32 адам – диспансерлік есепте тұрмайды және ешқашан тегін дәрі алмаған болса, 10 адамға дәрі-дәрмек ішінара берілген.

Дәрі-дәрмек қолға тимегені туралы хабарламаның басым бөлігін Атырау, Қызылорда, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары, Алматы және Астана қалаларының тұрғындары жолдаған.

Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры 2018 жылдың басында кепілдендірілген тегін көмек пакеті шеңберінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын. Яғни, Қор былтыр дәрі қолма-қол берілген және МСҚ республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмек (ТМКК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакетінің операторы. 2018 жылдан бастап Қор ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеп келеді. Ал, МӘМС пакеті бойынша қызмет көрсету 2020 жылы басталмақ.

Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС сатып алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан түскен қаржы есебінен). «СК-Фармация» дәрі мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен медицина ұйымдарынан түскен өтініштер негізінде сатып алады. 2018 жылы МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС арасында 101,9 млрд теңгеге контракт бекітілген болатын.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

қыркүйек 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30

Жарнама

ads_banner2

ads_banner