«Снюс» және темекісіз өнімдерін әкелуге тыйым салынды

Бұл туралы аудандағы ірі сауда орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен 2019 жылы жиырма төртінші желтоқсанда келген №21-29-6-8-3343 хатына сәйкес «Снюс» шегуге арналмаған темекі және темекісіз өнімдерін әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салынды.

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы бойынша тыйым салынғаны жөнінде Жылыой ауданындағы «Идеал-Маркет» ЖШС-нің «Лидер» супермаркеті, «Ярмарка» ЖШС-нің супермаркеті мен 30 сауда нүктесіне түсінік жұмыстары жүргізіліп, «Беркад» ЖШС-нің орталық базарының радио торабы арқылы сауда нүктелеріне хабарланды.

Осы нысандарда «Снюс» кәмпитінің адам өміріне зияны туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Себебі сыртқы қаптамасында құрамында никотиннің үлкен дозасы жоқ деп көрсетілгенмен, бірақ іс жүзінде бар әрі никотин көп. Соратын кәмпиттің бір түйірінде никотин мөлшері, мысалы, шегетін темекінің 4 дозасына тең екендігі қаперіңізге беріледі. Құрамында зиянды заттың көп болуына байланысты оларды тұтыну жүйкенің бұзылысын тудырады, бұл сананың бұзылуына, одан әрі дене және мінез-құлықтың никотинге тәуелділігіне алып келеді. Никотиннің өлімге әкелетін орташа мөлшері бір килограмм салмаққа 0,5-1,0 мг құрайтынын ескерсек, салмағы аз балалар мен жасөспірімдерді мұндай мөлшер өлімге алып келуі мүмкін.

Нұржамал КҮЛЕКЕНОВА, Жанар ТӨЛЕУШОВА,

Жылыой аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін

бақылау санитариялық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер

талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші мамандары

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521