ТШО ауруханаға жаңа реанимобиль сыйлады

Мемлекет үшін адам факторы маңызды. Ал адамға, ең бастысы, әлеуметтік-құқықтық қорған қажет. Соның ішіндегі басты байлығымыз – денсаулық емес пе? Өйткені жаны мен тәні сау адам ғана қоғамға пайдалы. Денсаулық саласының пәрменділігіне қарап, сол елдің даму деңгейін аңғаруға болады.

Жыл сайын ауданымызда денсаулық саласы қызметінің сапасын көтеруге қадамдар жасалып отыр. Елді мекендерде денсаулық нысандар салынып, медициналық мекемелерге жаңа құрал-жабдықтар сатып әперілуде. Былтыр ауданымызға екінің-бірінің қолы жете бермейтін компьютерлік томограф әкелінді. Бұл, әсіресе, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққандар, жол апатына ұшырағандардың диагнозын уақыт шығындамай анықтау үшін қажетті теңдесі жоқ құрылғы. Ал Құлсарыда ашылған Гемодиализ орталығы – бүйрек ауруының ауыр түрімен сырқаттанатындардың шүберекке түйген жанын сақтайтын бірден-бір орын. Аталған орталық болмаса, науқастарға ат құрғатпай облыс орталығына барып келуге тура келер еді. Бұның науқастың қаржылық жағдайына соққы екені былай тұрсын, өміріне тәуекел екені айтпаса да түсінікті.

Ауданымыздағы денсаулық саласына көмек көрсетіп келе жатқан үлкен мекеменің бірі «Теңізшевройл» ЖШС өткен аптада орталық ауруханаға тағы тарту жасады. ТШО әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының шеңберінде жалпы құны шамамен 1 миллион АҚШ долларын құрайтын медициналық жабдықтарды сатып алған болатын. Соның ішінде жан сақтау бөліміне арналған реанимациялық көлік, фототерапия, жаңа туған нәрестелерге арналған инкубатор, ультрадыбыстық жүйе, травматологияға арналған мобильді жан сақтау жүйесі, компьютерлер және тағы басқа құрылғылар бар.

С.МҰРАТҚЫЗЫ,

Суреттерді түсірген: А.ДОЛЫБЕКОВА.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №6 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521