Құтырудың белгісі анықталды

Итінің оғаш мінезін аңғарған үй иесі бірден ветеринарға хабар берген.

Аудандық ветеринария және ветеринарлық бақылау бөлімінің басшысы Данияр Айтпенбеттің хабарлауынша, таяуда аудан аумағындағы бір ауылдық округ жеріне қарасты қыстақтағы малшының итінен құтыру ауруының белгісі байқалған.

Итінің оғаш мінезін аңғарған үй иесі бірден ветеринарға хабар берген. Шақырту бойынша жеткен мамандар оны біраз уақыт оқшаулап ұстап, бақылауға алуды ұйғарады. Алайда ауру белгісі бой көтерген «бөрібасар» көп ұзамай өліп қалады. Басы арнайы зертханаға жолданып, иттің миынан құтыру ауруының белгілері бар екендігі анықталады.

- Абырой болғанда ит адамға да, малға да зиянын тигізіп үлгермеді. Қазіргі таңда жергілікті әкімнің шешімімен ауру белгісі шыққан жерге шектеу қойылды. Ондағы барлық төрт түлік пен үй жануарлары құтыруға қарсы вакцинамен егіліп, тиісті сақтық шаралары алынып отыр, - дейді бөлім басшысы.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521