ads_banner

Жіті ішек инфекциясының қалай алдын аламыз?

Аудан бойынша 5 ай қорытындысы бойынша инфекцияның бұл түрі бойынша 5 факт тіркелді. Ал 2019 жылдың 5 айы бойынша 3 факт тіркелді.

Жіті ішек инфекциясы - жұқпалы дерт, асқазан-ішек ағзаларын зақымдайды. Аурудың қоздырғыштары асқазан-ішек жолдары арқылы сыртқы ортаға шығарылады.

Аурудың негізгі көзі – науқас адам, сондай-ақ тасымалдаушылар да белгілі бір жағдайда ауру таратушыға айналуы мүмкін. Ауру көктем, жаз айларында көбірек кездеседі, себебі бұл мезгілдерде ауа райы жылы болады, күннің ысуы тағамдардың тез бұзылуына әсер етсе, екіншіден, жеміс-жидектердің пісуі, оны адамдардың көптеп асқа пайдалануы осы дерттің көбеюіне ықпал етеді.

Жіті ішек ауруы адам ағзасына ауру қоздырғыштарының тамақ, су, кір қол, лас ыдыспен, тұрмыстық заттар арқылы түсуі нәтижесінде пайда болады. Аса қауіптісі – аурудың тамақ арқылы жұғуы. Ал тұрмыстық жанасу – жас балалардың, оқушылардың өткір жұқпалы ішек ауруларымен ауруының басты себебі. Асқа мерзімі өткен тағамды пайдалану, қолдан сатып алынған сүт тағамдары, көкөністерді базардан, кездейсоқ сауда орындарынан алу, сақтау, дайындау технологиясын өрескел бұзған жағдайда ауруды туғызушы басты фактор болып саналады. Жұқпалы ішек ауруларының бірнеше түрлері бар. Олардың түрлеріне байланысты клиникалық белгілері де әртүрлі. Алайда осы ауруларды біріктіретін ортақ нәрсе, берілу жолдары, жұғу механизмдері, инфекция көздері бірдей, бір-біріне ұқсас. Сондай-ақ аурудың жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, мазасыздану, бас ауруы. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән ерекшеліктері бар.

Жіті ішек инфекциясын болдырмау үшін мына ережелерді сақтау қажет:

- Ас ішер алдында және әжетханадан шыққан соң қолыңызды және балаларыңыздың қолдарын сабындап жуыңыздар;

- Балаларға тек қана таза, залалсыздандырылған бөтелкеден су ішіңіздер;

- Жеміс-жидектерді және көкөністерді асқа қолданар алдында әбден сумен жуыңыздар;

- Тек қана жаңа әзірленген тамақты пайдаланыңыздар және асыңыздың бетін ашық қалдырмаңыздар;

- Тез бұзылатын азық-түліктерді тоңазытқыштарда сақтаңыздар.

Балалардың іштері өтіп ауырған жағдайда тез арада дәрігерге хабарласыңыздар.

М.Бекарыстанова,

аудандық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы

Сурет: ашық дереккөз

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner