Экологиясы төмен ауданға қалдықтар неге тасылады?

Осы аптада ауданымызға бір топ Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері арнайы іссапармен келді. Халық қалаулылары, алдымен, «Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармасы ұжымымен кездесу өткізді. Мұнайшылармен өткен кездесуді аудан әкімі Азамат Бекет ашып, депутаттардың ауданымызға келу мақсаты туралы түсіндіріп өтті.

Мәжіліс депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Амангелді Дәуренбаев Елбасы Жолдауындағы айтылған міндеттерге тоқталып өтті. Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Асылбек Смағұлов еліміздегі донор өңірлер туралы әңгімелеп өтті. Олардың қатарында Жылыой ауданы бар екенін де айта келе, шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігін жеткізді. Мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова Мәжіліс қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып өтті.

- Бүгінгі таңда Мәжіліске 84 заң жобасы келіп, оның 50-ге жуығы қабылданып, Елбасы 40-қа жуығына қол қойды. Қазіргі кезде 40-қа жуық жаңа заң жобасы қаралып жатыр,-деді ол. Бұдан әрі Бақытгүл Хаменова халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында Елбасының ең төменгі жалақы көрсеткішін көтеру туралы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар «Педагогтар мәртебесі туралы» жаңа заң жобасының жариялануы әр ұстаздың құқығын қорғауға септігін тигізе алатыны туралы ой қозғады.

Облыстық мәслихат депутаты Айтпай Сисенов өңірде ауылшаруашылығын дамыту бағытындағы кадр тапшылығы мәселесін көтерді. Жергілікті тұрғындар арасында жұмыссыз жүрсе де қарапайым бақташы болып жұмыс жасағысы келмейтіндер кездесетінін ашық айтты. Ал көршілес Өзбекстаннан келетін жұмыс күшіне заң бойынша мал бағуға рұқсат етілмейтін көрінеді. Осы мәселе заң жүзінде шешілсе, ауылшаруашылығы саласын дамытуға қолдау болатынын жеткізді. Асылбек Айжарықұлы өзінің еңбек жолын ауылда бақташы болып бастағанын, одан ешкімнен кем болып қалмағанын айтты.

Сонымен қатар еліміздің бір ауылдың малын бағудан бастап, бірнеше жылда сол ауылдың тұрғындарын жұмысқа алып, өзінің малын бағатындай дәрежеге жеткен іскер азаматтар туралы мысал келтірді. Мәжіліс депутаттары алдыңғы кезекте жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды ойлауға, еңбек етуді насихаттауға шақырды. Мәселе жалақыға тірелетін болса, оны да жұмысшының көңілінен шығатындай етіп келісу керектігін жеткізді. Басқарма басшысы Мақсот Наукенов басқарманың атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша мәлімет беріп өтті. Оның айтуынша, өткен жылы басқармаға 25 жас маман жұмысқа қабылданған. Мұнайшылардың орташа жалақысы 250-300 мың теңге көлемінде, әлеуметтік жағдайы қаралған. Мұнайшы Раушан Әсетқызы қазіргі кезде көпшілік мекемелер жастардан жоғары білім мен жұмыс өтілі болуын талап етіп, жұмысқа қабылдамай жататынын айтты. Ал оқуға мүмкіндігі жоқ отбасыдан шыққан, бұрын еш жерде жұмыс жасамаған жастар жұмысқа қалай орналасатынын сұрады. Сонымен қатар Астанада қайғылы оқиғаны мысалға келтіріп, бала күтіміндегі отырған аналардың күнкөріс үшін жұмысқа шықпайтындай жөргекақы деңгейін көтеру керектігі туралы ойын жеткізді.

Қ.Дүйсенбетов.

Толығырақ «Кең Жылой» газетінің №6 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521