Топырақты мұнайдан тазартады

Соңғы жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ қоршаған ортаны қорғау мәселесіне баса назар аударып келеді.

Компания экологиялық компоненттердің мониторингін жүргізіп, қоршаған ортаға өндірістің кері әсерін азайту мақсатында көптеген жұмыстарды қолға алуда.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, аудандардың экологиялық жағдайын жақсарту мен топырақ жамылғысының қазіргі жағдайын кешенді тексеру мақсатында 2019 жылы зерттеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Зерттеу мақсаты – бүлінген жерлерді анықтау және оларды қалпына келтіру, жердің шөлейттенуінің алдын алу болып табылады. Бұл ретте «Ембімұнайгаз» АҚ бұрыннан ластанған тарихи аумақтарды қалпына келтіруге жұмыстанбақ. Ол үшін арнайы жоба жасақтап, едәуір қаражат инвестициялады. Сөйтіп 2022 жылға таман мұнай өнімдерімен ластанған жерлерді толықтай тазалап шығуды жоспарлап отыр. Оның ішінде біздің Жылыой ауданының аумағы да бар.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521