ads_banner

Алма бағында өткен шеберлік сабағы

Өткен аптада «Бастау» жобасына қатысушылар Тайкеткендегі алма бағында болды.

Ол жерде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Агробіліктілік орталығы мамандары алма өсіру тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Алма сорттары, олардың күтімі, зиянкестерден қорғау тәсілдері туралы түсінік берді. Бағбандар бауға арнап жерді дұрыстап таңдап алудың жеміс ағаштарының өсуі мен жақсы өнім беруі үшін аса маңызды екендігіне тоқталды.

Жер учаскесі дұрыс таңдап алынбаса, жеміс ағашы нашар өсіп, олардың өнімі де аз болады екен. Жеміс ағаштарын өсіруге ынталы аудан тұрғындары мамандарға сұрақтарын қойып, тиісті жауап та берілді.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner