ads_banner

Балмұздақ өндіріп, сатады

Қазір өз кәсібін бастап, ісін ілгерілеткісі келген жанға мүмкіндік мол. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» - сондай мүмкіндіктің бірі. Осы бағдарлама аясында болашақ кәсіпкерлер «Бастау бизнес» жобасымен оқытылып, жаңа өмірге қадам басып жатыр. Солардың бірі – таяуда ғана өз кәсібінің тұсауын кескен көпбалалы ана Замира Ибрагимова.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының қызметкері Гүлнұр Құбашеваның айтуынша, Замира Исақызы - Құлсары қаласының тұрғыны, бұрын жұмыссыз еді. Үйде қарап жатпай, өз кәсібін бастауды қолға алған, осы жобаға қатысып, кәсіпкерліктің теориясын меңгерді. Енді оны іске асыруды көздеген ана таяуда мемлекеттің беретін грантына қатысып, 250 мың теңгені ұтып алды. Бұл ақшаға кәсіпкер келіншек балмұздақ өнімін шығаратын қондырғы сатып алды. «Бастау бизнестен» бастау алған ол енді күн ыссыда Құлсары қаласының көпқабатты ықшамауданындағы «1001» кафесінен балдай тәтті балмұздақ шығарып, сатады.

Ал Жем ауылдық округінің тұрғыны Алтынгүл Атабаеваның өзі бизнес-тренерлік кәсіпті қолға алған. «Бастау бизнестен» қанаттанған ол енді өзі секілді ісін ілгерілеткісі келетін жандарға жол көрсетіп, кәсіпкерліктің қыр-сырын үйретеді. Жақында Алтынгүл Мырзалықызы Замира секілді грантқа қатысып, қайтарымсыз қаржыға қол жеткізді. Оған проектор қондырғысын сатып алды. Енді жас тренер бизнес тілін меңгеруге келген жастарды қысылмай оқыта беретін болды.

-Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан осындай қамқорлыққа қол жеткізуге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мүмкіндік туғызып отыр,-дейді Г.Құбашева.

Е.Қошақанов

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner