«Баста» форумы бизнесіңізді өркендетеді

Осы аптада «Кең Жылыой» мәдениет үйінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Баста» форумы өтті.

Ауданымызда жастарға арналып алғаш рет өткізіліп отырған форумды қала әкімінің міндетін атқарушы Мереке Зинуллин құттықтау сөзімен ашты. Ол жастардың ойын түзеп, өз істерін ашуға қанаттандыратын осындай бастамалардың көбірек ұйымдастырылып, ел экономикасына елеулі үлес қосатын кәсіпкерлер көбейе берсін деген тілегін жеткізді.

basta1

-«Баста» атты форумның мақсаты - өз кәсібін ашқысы келіп жүрген жастардың тәжірибелі кәсіпкерлермен пікір алмасуы үшін тұрақты алаң жасау,-дейді ұйымдастырушылар. Алдымен, ауданымызда жүзеге асып жатқан «Жас кәсіпкер» жобасы туралы бейнебаян көрсетілді. Форумды бизнес-жаттықтырушы Ерлан Нұрланов жүргізіп, спикерлермен таныстырды. Сахнада облысымыздың танымал кәсіпкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Кәсіпкер Ақылбек Өмірзақов өз күшімен жетістікке жеткен кәсіпкер ғана кез келген кедергілерге төтеп бере алатынын айтты. Кәсіпкер Алмагүл Шудабаева Халықаралық балалар академиясы «FasTracKids» франшизасын ауданда қалай жүзеге асырғандығы туралы әңгімелеп берді. Кәсіпкер Шынарбек Қабиев бизнес ашу үшін бастысы мақсат қоя білу керектігін, ал ақша осы мақсатқа жету жолындағы жәй ғана құрал екенін түсіндірді. Бизнес жаттықтырушы Арман Азаматов ақша ағымын басқара білген адам жетістікке жететіндігі туралы айтты. Коуч, бизнес-жаттықтырушы Алтынгүл Атабаева бизнес идея табу құпияларымен бөлісті. Жастар спикерлерге сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Қ.Дүйсенбетов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521