«Бизнес Бастау» – кәсіпкерге мүмкіндік

Өткен аптада «Бизнес Бастау» бағдарламасы курсының қатысушылары қаламыздағы «ПромЭкология» зауытына барды.

«Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Е.Төлендиев, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қ.Мыңбаев және бизнес тренер Ерлан Нұрланов оларды зауыттың жұмысымен таныстырды. Курс қатысушылары тұрмыстық қалдықтардың өңделуі мен жинақталу техникаларын қарады. Е.Төлендиев оларға полиэтилен пакеттерді, қатты тұрмыстық қалдықтарды сату арқылы кәсіп жасауға болатынын түсіндірді. Қатысушылар жоба ұйымдастырушыларына алғысын білдірді.

Ж.Есмұханқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521