Дарынды жас Нұрхат

Н.Көбеев Құлсары қаласында дүниеге келген.

Ауданда ғана емес, республикалық “Айгөлек” балалар байқауында жастарға кеңінен танылған әнші Нұрхат Көбеев 2000 жылы Құлсары қаласында дүниеге келген.

Ол 5 жасынан бастап үлкен сахналар мен биіктерді бағындырып келеді. Жеткен жетістіктері көп. Cолардың бірі Түркияда өткен “Золотой солнце” байқауында Гран-при бас жүлдесін ұтып, көрермендердің қалауымен “Жеке періште” дауыс атағын жеңіп алған. 2014 жылы “Айгөлек” балалар байқауында жартылай финалға өтіп, жоғары белестерден көрінді.

Нұрхат қазіргі кезде жеке шығармашылығымен айналысып әрі П.И.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде дыбыс операторы мамандығы бойынша білім алуда. Қазір де авторлық өлеңдері жарық көрген жас әншінің алға қойған мақсаты композиторлық дарынын шыңдамақ ниетте.

А.МОЛДАШЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521