ads_banner

Металлургия – ата кәсібіміз

Дегенмен кең-байтақ даламыздың тарихына тереңірек үңілген 26 жылдың ішінде ашылмаған құпия сырлардың әлі де көп екеніне көз жеткіздік. Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы осындай ұлттық құндылықтарымыздың қасиетін қастерлеу сезімінен туған.

Расында да, қазақтың ұлы даласында өзгеге өнеге етерлік өркениет үлгілері көп. Айталық, бір ғана металлургияны алалық. Мақалада айтылған «Ұлы даладағы ежелгі металлургия» бүкіл адамзат дамуына жол ашты. Елбасының дерегінен елімізде ежелгі заманда-ақ Қазақ жерінің Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастағанын көреміз. Сол дәуірде-ақ берік металл өндірудің жедел технологиясы өркендеп, ата-бабамыз дала өркениетінің көшбасшысы бола білді. Оған Нұрекең айтқандай, Алтай мен Атыраудың арасынан табылып жатқан ежелгі металл қорытқан пештер, тұрмыстық тұтыну заттары, қару-жарақ, әшекей бұйымдары мықты дәлел бола алады.

Демек, металлургияны қазақтың ата кәсібінің бірі деуіміз керек. Бұл ретте осы саланың мықты маманы болған Елбасымыз Н.Назарбаевты біз мақтан тұтуға тиіспіз.

Меңке Бердіғалиев,

еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner