Әскери есепке тіркелдің бе?

Tіркеу туралы куәлігі шақыру учаскесіне тіркелген шақырылушының бірден-бір құжаты болып табылады

ҚР-ның 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңын, ҚР Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №28 «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын және аудан әкімінің 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №70 «2003 жылы туған Жылыой ауданының азаматтарын 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру пунктінде тіркеуден өткізу туралы» шешімін орындау мақсатында аудан бойынша 2003 жылы туған азаматтарды тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне аудандағы барлық оқу орындарындағы жауапты қызметкерлер 2003 жылы туған азаматтардың есімін тізімге енгізіп, есебін берді. Бүгінгі көрсеткіш бойынша 554 жасөспірім әскери есепке тіркеліп отыр. Әскери есепке тіркелген №9 орта мектептің 2003 жылы туған жасөспірімдеріне шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктерін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, майор Аят Жүнісов салтанатты түрде табыстады.

Бұл тіркеу туралы куәлігі шақыру учаскесіне тіркелген шақырылушының бірден-бір құжаты болып табылады. 2020 жылдың қаңтар-наурыз айларында 2003 жылы туған азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытында келіп, әскери есепке тіркелуге шақырамыз.

Т.Саденов,

аудандық қорғаныс Істері жөніндегі бөлімінің бастығы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521