Жат ағым жарға жығады

Жастар адасып, жат діни ағымдардың жетегінде кетпесін.

Жақында №7 Е.Халықов атындағы орта мектепте осылайша діни экстремизмнің алдын алу мақсатында еркін сұхбат түрінде кездесу өтті. «Шапағат» қоғамдық қорының теолог мамандары Сұлтанкелді Сариев пен Шүкірідин Темірқұлұлы ислам дінінің Қазақстанда таралуы, тарихы туралы жеткіншектерге сұрақ қоя отырып, ақыл-кеңес берді. Содан кейін сөз алған Ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Ақылбек Нұрниязов 13 ғасырға жуық  бұл дінді қолданған ата-бабалар ұстанымын түсіндірді.

9-11-сынып оқушылары ұстаздары мен ата-анасының айтқанын ғана тыңдап, жат діннің жетегінде кетпеулері керек, кез келген сайт пен кез келген адамның үгіт-насихатына алданып, теріс ағымдардың қақпанына түсіп қалмауы қажет десті теологтар.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521