"Айгөлек" деп ән салып, би биледі

Бүлдіршіндер аудандық "Айгөлек" фестиваліне жолдама алды.

«Қызғалдақ» балабақшасында тәрбиеленушілер арасында мектеп жасына дейінгі балалар «Айгөлек» фестивалі болып, онда балалар ертегіден қойылым көрсетіп, өлең оқып, ән айтып, биден өнер көрсетті.

«Аққу көлі» тақырыбында қойылған қойылымда рөлді сомдаған «Бәйтерек» тобының балалар шынайы ойнағандары сондай, қазылар алқасына қатты әсер қалдырып, жүлделі 1-орынға ие болды. Тәрбиеленуші балалардың ән айтудағы, өлең оқудағы және мың бұралып би билеудегі шеберліктері де керемет болып, тіпті еліктіріп әкетті.

kizgaldak2

Осы топтың тәрбиеленушісі Сайфадин Қуаныш «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алса, «Мәнерлеп оқу» бағытында Атажанов Батырхан 3-дәрежелі дипломға ие болып, топтың биші қыздары «Хореография» бағыты бойынша ырғақты билері үшін және тәрбиеленуші балалар «Саз аспабында ойнау» бағытында саз аспаптарын нақышына келтіріп ойнағандары үшін 3-дәрежелі қос дипломмен марапатталды.

kizgaldak

Балабақшадағы тәрбиеленушілерді бала жастан мәдениеттілікке, әдемілікке, тазалық пен шынайылыққа баулыған, бойларына жақсылық пен ізгілікті дарыта білген, өнерлерін көрсетуде ықпал еткен тәрбиешілері Айгүл Түлкібайқызына, тәрбиеші көмекшісі Әсемгүл Мыңбайқызына және музыкант Утеубаева Гүлнарға шексіз алғысымызды айтамыз. Дендеріне саулық, отбастарына амандық, шығармашылық толайым табыс тілейміз.

А. Ерғалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521