ads_banner

Қазақ баласы осындай!

№19 мектепте өткен байқауға Атырау қаласы мен облысымыздағы әр ауданнан бір оқушыдан қатысып, бақтарын сынады. Байқау «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...» тақырыбында таныстырумен басталды. Одан кейін «Жігітке жеті өнер аз...» кезеңінде қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. «Мен – қазақ деген мал баққан елмін...» атты кезеңде оқушылар малды мүшелеу, аттарын атау, әр мүшені кімге беру керектігі туралы айтып берді. «Атадан қалған асыл жол» атты кезеңде оқушылар қамшы өруден сайысқа түсті. Сахнаға ұлттық киім киген қыздар шығып, жігіттермен қайым айтыс ұйымдастырды. Сайыстың соңғы кезеңі «Жеті қазынаның бірі – берен мылтық» деп аталды. Онда сайыскерлер АК-74 автоматын уақытқа бөлшектеп, қайта жинау және 10 метр қашықтықта пневматикалық винтовкадан нысанаға оқ атып, өз өнерлерін көрсетті.

Байқау нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жылыойлық Нұртас Есмұратов иеленді. Сонымен қатар, құрманғазылық Ермахан Насихан «Шебер жігіт», қызылқоғалық Жеңісбек Қанатов «Жігерлі жігіт», индерлік Таңат Жақау «Өнерлі жігіт», атыраулық Азамат Орынбаев «Ақын жігіт», махамбеттік Дастан Бағытжанов «Мерген жігіт», мақаттық Нариман Оңайбаев «Қайсар жігіт» және исатайлық Ақжол «Сері жігіт» номинациясы бойынша марапатталды.

Байқауға қатысушыларды аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мақсот Әділов құттықтап, ұйымдастырушылар атынан арнайы дипломдар мен сыйлықтарды табыс етті. «Жылыой аудандық жас техниктер станциясының» робототехника үйірмесінің мұғалімі Қуаныш Шалабаев байқауда қолөнер кезеңіне қатысты өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бүгінде қолөнермен айналысатын адамдар қатары азайып барады екен. Сондықтан осы саланы дамыту үшін жастар арасында осындай байқаулар жиірек ұйымдастырылып тұрса деген тілегін жеткізді.

«Байқаудың мақсаты – ұл баланың ертеңгі күні абыройлы әке, қадірлі отағасы болуы үшін тәрбиелеу. Сонымен қатар елді қорғайтын батыр, тура жолды таңдайтын би, елін жырлайтын ақын, намысты азамат болып қалыптасуына бағыт беру. Салт-дәстүрімізді сақтауға, отбасында әке беделін көтеруге, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға шақыру», – дейді ұйымдастырушылар.

Қ.Нұртайұлы.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner