ads_banner

Ерік Құрманғалиевті еске алу кеші өтті

Кеш дүние жүзіне белгілі әншінің 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шараға әншінің өнердегі және өмірдегі достары, жақын туыстары мен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты. Сондай-ақ, отандық танымал опера жұлдыздары мен Ерік Құрманғалиевтің ресейлік әріптестері шараға арнайы келді. Жиында әншінің әріптестері көрерменге әлем классикасының шедеврлерін, отандық авторлардың туындыларын орындап берді.

- Бүгінгі кешке уақыт тауып Ресейден арнайы келген Александр Котовщиков бастаған бір топ өнерпаздарға алғысымды білдіремін. Көрсеткен құрметтеріңіз өздеріңіздің дос, әріптестеріңіз Ерік Құрманғалиевке сыйластықтарыңыз деп білемін. Өзінің аз ғұмырында естеліктерімен, әндерімен әлемге танымал болған өнерпазымызды біз ұмытпаймыз, - деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Айта кетейік, жиында Ерік Құрманғалиевтің өмірі мен шығармашылығын сипаттайтын Маржан Ершудың 2014 жылы жарық көрген "Феномен" кітап-альбомының жаңа нұсқасының тұсауы кесілді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner