Шәмілдің шерткен күйлері-ай!

Ол – Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген күйші-домбырашы

Осы аптада қазақтың аса көрнекті күйшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтаев ауданымызға келді. Ол – Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген күйші-домбырашы.

 1972-1975 жылдары Қазақ мемлекеттік филармониясында күйші-лектор ретінде қызмет жасаған. 1985 -88 жылдары Қазақ радиосының бас редакторы болған. «Ұлытау»  күй кітабының авторы. Күйшімен «Шыңырау Шәміл» деген атаумен «Жастар үйінде» кездесу өтті. Кездесуді ақын Қойшығұл Жылқышиев жүргізіп отырды. Алдымен, аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев белгілі күйшіге аудан әкімінің алғысхатын табыс етті.

Ш.Әбілтаев кешті «Күй ата» әнімен ашты. Одан соң ауданымыздың ақсақалы Дүйсәлі Қалдыбаевқа арнап «Аңсау» әнін орындап берді. Күйші Жадыра Ысқақова өзінің арнау күйін орындаса, Ару Аманқұлова «Ауылым» әнін нақышына келтіре шырқады. Күйші бұл кеште «Аман бол, шешем, аман бол!», «Тоқай тағдыр», «Қойшығұл» күйлерін орындап, көрермендердің ризашылығына бөленді.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521