ads_banner

Ж.Нәжімеденов атындағы республикалық байқау ертең қорытындыланады

Ақын, жазушы, Қазақстанның мемлекеттік гимнінің авторларының бірі – Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің республикалық конкурсы осымен төртінші жыл қатарынан өткізіліп отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

jumeken1

Байқауға еліміздің әр өңірінен келген 18-35 жас аралығындағы 16 үміткер қатысып жатыр. Олар Жұмекеннің поэзия мен проза жанрындағы екі туындысынан үзінді оқып сайысатын болады. Шараның ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Айбек Қрамбаев қатысушыларға өңір басшысы атынан алғыс білдіріп, Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығын насихаттаудың жастар үшін маңыздылығын атап өтті.

jumeken2

Республикалық конкурс финалистерін бағалайтын қазылар алқасы төрағасы – ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар Одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов. Сонымен бірге, қазылар алқасы құрамында белгілі өнер және мәдениет қайраткерлері Бауыржан Қарабеков, Жұмабай Құлиев, Серікқали Хасан, Әбілхан Төлеушов бар.

jumeken3

Әділқазылардың айтуынша, қатысушыларды бағалау барысында олардың көркем мәтінді оқу шеберлігімен қатар, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, көркем мәтінді таңдау талғамы мен сахнада өзін-өзі ұстауына, тіпті, таңдаған сахналық киіміне баса мән беріледі.

Байқау жеңімпаздары дипломмен, алғысхатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталатын болады. Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркем сөз оқу шеберлерінің республикалық байқауы 18 қазанда қорытындыланады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қараша 2019
ПВСЧПСВ
123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930

Жарнама

ads_banner2

ads_banner