Жаңарған Құрманғазы мәдени орталығы

Астрахан облысының тұрғындары ​атыраулықтарға ризашылығын білдірді

​ ​ Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев Астрахан облысының Алтынжар ауылында орналасқан Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталығында болды,- ​ ​ деп хабарлайды Атырау облысының​ өңірлік коммуникациялар қызметі​. ​ 

astrakhan1

2005 жылы ​ салынған, атақты күйші, композитор Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы орталық бүгінде осында көптеп келетін қонақтар үшін мәдениет ошағына айналып отыр. Бұл жерде ​Құрманғазының кесенесі мен музейі орналасқан, туристер үшін ​қонақ үй бар. 2018 жылы мәдени орталық күрделі жөндеуден өтті.

astrakhan4

«Құрманғазы» өңірлік мәдени орталығында 40-қа жуық адам жұмыс жасайды. Олардың 25-і – домбырашылар,​ «Белый город» орыс музыкалық ансамблі мен «Самал» қазақ музыкалық ансамблінің әншілері. Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев кесене мен музейде болып, ұлы күйшінің шығармашылығы мен өмірі туралы сыр шертетін экспонаттармен танысты. ​ ​

astrakhan2

astrakhan

- Бізге жыл сайын 1000-ға жуық адам келеді. Құрманғазы Сағырбайұлының кезіндегі қазақтардың өмірі туралы оларға мағлұмат береміз. Атырау облысы әкімдігінің және облыстың жанашыр азаматтарының қолдауымен 2018 жылдың аяғында мәдени орталыққа күрделі жөндеу жасадық. Соның арқасында орталықтың қызметі тың серпін алды. Осындай қолдауы үшін Атырау облысының халқына ризашылығымызды білдіреміз,-деді Құрманғазы атындағы өңірлік мәдени орталықтың директоры Амангелді Әбілғазиев.

Атырау облысының​ өңірлік коммуникациялар қызметі​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521