ads_banner

«Жырым менің – жанарым елге қарар»

Махамбет атындағы сыйлықтың иегері, Исатай ауданының Құрметті азаматы Нұралы Әжіғалиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Жырым менің – жанарым елге қарар» атты еске алу кеші өтті – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған шара Атырау облысы әкімідігінің қолдауымен, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтті. Басты мақсат - ақынды еске алып, рухына тағзым ету және шығармашылығын жас буынға таныстыру.

Еске алу кешке ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов және Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен ақынның үзеңгілес достары, белгілі қоғам қайраткерлері қатысты. Олар ақынның шығармаларындағы туралық пен шыншылдықты айтып, жаңа жыр жинағының тұсауын кесті.

Ал, Махамбет атындағы академиялық драма театр әртістері ақынның саналы ғұмырын театрландырылған қойылыммен көрсетіп, жыр-шумақтарын тебірентіп жеткізді. Бұл ретте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ақынның мәнді ғұмыры кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін айтып, оны жастардың бойына сіңіре білуіміз қажет деді.

- Халық айтады әркім туғанына анасының жатырында жатқанын-ақ, ғұмырын пешенесіне жазып береді деп. Міне, елдің азаматы сол пешенесіне жазылған мәнді ғұмырын абыроймен өткізді. Өйткені, оны артында жоқтаушысы бар. Тек туған-туыстары ғана емес, елім деп еміренген ерін елі жоқтайды. Бүгінгі еске кеш соның көрінісі. Сондықтанда осындай кеш ұйымдастырып отырған әріптестерімен өз атымнан ризашылығымды білдіремін, – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

желтоқсан 2019
ПВСЧПСВ
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner