Мұнай бағасы 60 пайызға төмендеді

Онда өткен тәулікте жаһандық қаржы нарығындағы жағдай айтарлықтай құбылғаны айтылады.

«Адырна» ұлттық порталының хабарлауынша, Ұлттық банк пен KASE теңге бағамы туралы мәлімдеме жасаған. Онда өткен тәулікте жаһандық қаржы нарығындағы жағдай айтарлықтай құбылғаны айтылады.

"Brent маркалы мұнай бағасы бір күн ішінде 14 пайызға және жыл басынан 60 пайызға төмендеп, барреліне 25 долларға жетті. Әлемдік қор және валюта нарығында құлдырау жалғасып жатыр. Ресей рублі бір күнде 7,3 пайызға, ал жыл басынан бері 30 пайыздан асып, құлдырады. Осы жағдайға байланысты ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыз әсерін шектеу үшін және Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-мен бірлесіп, Франкфурт аукционы нысанында 2020 жылғы 19 және 20 наурызда теңге-доллар валюталық жұбы бойынша сауда-саттық өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл шешім клиенттердің өтінішін қанағаттандыруға және валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

«Сауда-саттықтың одан әрмен қарайғы режимі туралы ақпарат кейінірек беріледі», - деп хабарлайды портал.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521