Мұнайшы арулар

Сіздердің еңбектеріңіз еш ұмытылмайды, мұнайшы арулар!

Әдетте мұнайшы дегенде көз алдымызға басына каска киген, бетіне қарақошқыл май дағы жұққан ер-азамат елестей қалады. Алайда осы қиын салада мыңдаған әйелдердің де бір ғасырға жуық еңбек етіп келе жатқаны, бірақ олардың мұнайшының жиынтық образы ретінде қабылданбайтыны рас. Себебі әйел - баяғыдан үй тірлігін жасайтын, от басы, ошақ қасындағы үкідей үлбіреген нәзік жан...

munayshy1

Ендеше, мынау сарғыш тартқан фотосуреттерге қарасаңыз, әлгі пікірдің ұшқары екенін бағамдайсыз. 1942-1945 жылғы соғыста, оған дейін және одан кейін әйелдердің мұнай саласында тер төгіп, қара алтын өндіруге зор үлес қосқанын кәрі тарих жақсы біледі.

Төл мерекелері кезінде сол мұнайшы, оператор, темір жонушы (токарь) апалардың суреттерін жариялағанды жөн көрдік. Бұл суреттердің бәрінде олар сүйікті істерін беріле атқарған қалыптарында мәңгі сақталып қалған. Сіздердің еңбектеріңіз еш ұмытылмайды, мұнайшы арулар!

C.Тәжіқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521