Жаңа әдіске жол ашылды

Қазақстанның бірқатар мұнай компаниялары да осы горизонталды ұңғымаға көше бастады.

Қазір жетіқат жер астында қалған қара алтын қорын сарқып алу үшін заманауи тәсілдер мен озық технологиялар қолданылу үстінде. Соның бірі – горизонтальды бұрғылау әдісі. Мұнай өндірудің бұл тәсілі көршілес Ресей елінде кеңінен қолданылу үстінде. Қазақстанның бірқатар мұнай компаниялары да осы горизонталды ұңғымаға көше бастады. Бұл соңғы кезде өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Өйткені ол тікелей вертикальды қазуға қарағанда әлдеқайда тиімді. Әсіресе ескі кен орындарын игеру үшін таптырмайтын тәсіл.

Мамандар оның күрделі геологиялық нысандарды тартуға жол ашатындығын айтады. «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қоғаммен байланыс қызметінің хабарлауынша, ембіліктер де өткен жылдан бастап мұнай өндірудің осы тәсілін қолдануға көшкен. Айталық, компанияға қарасты кеніштерде бес горизонталды ұңғыма бұрғыланған еді. Қазіргі таңда іске қосылған төртеуінен қара алтын өндірілуде. Бесеудің біреуі Прорвадағы С.Нұржанов кен орнында сынақтан өткен-ді. Соңғы ақпаратқа қарағанда, ол күткендегідей нәтиже бермеген көрінеді.

Е.Бисекенұлы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521