Қоршаған орта және пластмасса қалдықтар

Пластик өндірісінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді.

Пластикалық өнімдерді шығаратын зауыттар жылына атмосфераға 400 млн. тоннаға дейін көмірқышқыл газын шығарады және бүгінде жануарлардың шамамен 800-дей түрінің пластикті жеп қоюына байланысты және пластикпен улану салдарынан жойылып кету қаупі төніп тұр. Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады, пластмасса қоқыстар, туризм саласына зиян келтіре отырып, демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды. Қазақстанның мұхиттарға шығуы болмағанына қарамастан, мұхиттардағы пластмассалар, әдетте, жыл бойында ыдырайды, бірақ толықтай емес және бұл процесс барысында бифенол А және полистирол сияқты улы химикаттар белгілі бір пластмасса түрлерінен суға түседі. 2012 жылы әлемдегі мұхиттарда шамамен 165 миллион тонна пластик қалдықтары бар деп есептелген. 2014 жылғы бағалау бойынша мұхит бетінде 268 940 тонна пластик бар, ал пластикалық қалдықтардың бөлек бөлшектерінің жалпы саны 5,25 триллион тоннаны құрайды.

Пластикалық ластану – су қоймаларының ластануы (өзендерге, көлдерге, теңіздерге антропогендік қалдықтарды тастау), бір реттік пластикалық бөлшектермен, пластикалық торлармен және т.б. судың ластануы. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған: әдетте бір жыл ішінде бір рет пайдаланылатын бір реттік орауыш заттар немесе өнімдер.

Пластиктің екі жүз жылға жуық уақытта ыдырайтындығы белгілі. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі. ТҚҚ үйінділерінің полигондары үнемі пластмассаның әр түрімен толтырылып тасталған. Бұл қоқыстарда пластиктің биодеградациясын жеделдететін көптеген микроорганизмдер бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөліп шығаратын өте күшті парниктік газ болып табылады.

Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттардың түрлері болады. Пластмассаның жан-жақты қолданылуының негізгі себептерінің бірден-бірі құрамына химиялық қосылуы. Пластмасса өндірісінде пайдаланылатын кейбір химиялық заттар адамдардың тамақ тізбегінің нәтижесінде жұтылу қаупін тудырады. Сондай-ақ, пластикалық ластанудың әсерінен жануарлардың да улану қаупі бар, бұл өз кезегінде адамға азық-түлік өнімдерін жеткізу барысына кедергі келтіруі мүмкін.

Пластикалық ластану ірі теңіз сүтқоректілеріне өте зиянды әсер ететін заттар ретінде сипатталған және «Introduction to Marine Biology» кітабында олар үшін «ең қауіпті қатер» деп аталды (пластмасса жануарлардың асқазан-ішек жолдарын бекітіп тастайды, теңіз сүтқоректілері пластмассалық торларда шырмалып қалады да, оның соңы өлімге немесе ауыр жарылуларға және жараларға алып келеді).

Өркениеттің заманауи игіліктері көбінесе адамдар үшін жайлылық жаратып қана қоймай, табиғатқа орны толмас залал келтіреді. Тек соңғы 10 жылда ғана әлемде өткен ғасырмен салыстырғанда пластикалық өнімдер көп өндірілді. Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі ыдыстар – біз күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлеріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделген және адам өмірінде және тұрмыстық шарттарда қайта қолданылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; шыны сынықтары; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салу енгізіледі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады. Мысалы, Атырау қаласының аумағында 2016 жылы 111,6 мың тонна, ал 2017 жылы – 125,0 мың тонна ТҚҚ қалыптасты. ТҚҚ қайта өңдеу үлесі (сұрыптауды қосқанда) 2016 жылы – 12,5%, ал 2017 жылы – 18,4% құрайды. 2017 жылы пластик қалдықтарды бөлек жинау үшін 130 торлы контейнер, құрамында сынап бар пайдаланылған шамдар үшін 40 контейнер, электронды-тұрмыстық өнімдер бойынша мамандандырылған сауда орталықтарында электронды қалдықтарды жинау шаралары ұйымдастырылды.

Дайындаған: П.ЖАУЫНБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521