Смартфонның зияны

Дене қозғалысының шамадан тыс шектелуіне және көз жанарының әлсіреуіне әкеліп соғуда.

2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефонды пайдалану адам денсаулығына зиянсыз деген пәтуа айтқан еді.

Қазір бұл ұйым жоғарыдағы айтқан тұжырымдаманы жоққа шығаруға мәжбүр болып отыр. Соңғы кезде қоғам өміріне дендеп енген «ақылды» телефондардың адам денсаулығына, соның ішінде балаларға тигізетін зияны туралы педиатр дәрігерлер дабыл қағуда. Мен, абыз ұстаз Нұр-Мұхаммед Есенәліұлы, жас ұрпақтарымызға қауіп төндіріп отырған ұялы телефон мәселесін талдау үшін қолыма қалам алуға мәжбүр болдым.

ДДС ұйымының дерегі бойынша қазіргі үлкендердің 23 пайызы, жеткіншектердің 80 пайызы өз өмірін смартфонсыз елестете алмайды.

Ата-ана баланың тыныштығы үшін қолына телефон ұстата салады. «Телефонға тәуелділік есірткі сияқты түрлі психотроптық заттарға тәуелділіктен де қауіпті» дейді психолог мамандар.

Олардың топшылауынша смартфон баланың көз жанарын әлсіретеді, жүрек және мидың қалыпты қызметін бұзады. Яғни телефон зарары ересек адамдарға қарағанда балаларға 2 есе қауіпті. Себебі, жас организмнің сыртқы әсерден қорғану қабаты өте әлсіз болады.

«Бұл үрдіс балалар үшін тым қауіпті. Өйткені өсіп келе жатқан сәби организмінде зат алмасу процесі үздіксіз жүргізілетіндіктен магниттік сәуленің кесірі мидың қызметін тоқыратып, дене қозғалысының шамадан тыс шектелуіне және көз жанарының әлсіреуіне әкелуі анық» дейді ғалымдар.

Туындап отырған келесі мәселе смартфонның салдарынан мектеп жасындағы балалар мен студенттердің оқу үлгерімі төмендеуде. Осыдан сақтану үшін Жапонияда кешкі сағат 21.00-ден кейін оқушыларға смартфон пайдалануға тыйым салынса, АҚШ-та көпшілік қалауымен мектеп ауласында смартфон қолдануға тыйым салу жайлы шешім қабылданған. Сонымен қатар күнделікті өмірде де телефонды пайдалану уақытын шектен асырмауды қатаң қадағалайды.

Америкалық зерттеу орталығы анықтаған мәліметке сенсек, әрбір америкалық күніне 5 сағат телефон шұқылаумен өткізеді екен. Біздің де бұдан асып кетпесек, қалысатын түріміз байқалмайды.

Мен ұялы телефонның адам өміріне төндіретін қауіпін білгендіктен, өз жанұямның мүшелеріне үй ішінде смартфон қолдануға шектеу салып, ұрпақтарыма бос уақыттарында кітап оқуға, еңбек етуге, ойын ойнауға, серуендеуге кеңес беріп отырамын.

Біздің қоғам мұсылмандар қоғамы болғандықтан біздер өмір бойы жемқорлармен, нашақорлармен, маскүнемдермен күресумен келеміз. Оларды жою жолында арпалысып келеміз. Бұларға тыйым жоқ.

Болашақта смартфонның зияны бұлардан да асып түсерін адамзат әлі сезіне алған жоқ. Демек, болашақта адам баласы үшін смартфонмен күресу - аса қиындық тудырады деген сөз.

Осыған ойланайық, күш салайық, ағайындар!

Таңбай Нұр-Мұхаммед Есенәліұлы,

ҚР білім беру ісінің озық қызметкері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521