ads_banner

Етті экспортқа шығармақ

Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет» деген болатын. Жолдауда аграрлық ғылымды дамыту мәселесін басты назарда ұстап, ауыл шаруашылығы субъектілерінің кооператив түрінде жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсету қажеттігі айтылды. Елбасы өнімнің сапасын арттырып, 5 жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырды. Осы аптада Кәсіпкерлер үйінде «Етті ірі қара мал шаруашылығындағы малды өсіру, азықтандыру және көбейтудің тиімді технологиялары» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оған аудандық ауылшаруашылығы бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы өкілдері, шаруа қожалығының жетекшілері қатысты. Семинарды «Достан» шаруа қожалығының жетекшісі Сейітжан Балжігітов ашып, жүргізді. Тақырып бойынша биология ғылымдарының докторы, зооинженер Жәнібек Аралбаев түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар етті мал шаруашылығы жөніндегі сарапшы Думан Нағашыбек ет үшін өсірлетін ірі қара тұқымы туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар семинарда асыл тұқымды ірі қара малын өсірген шаруа қожалықтарына берілетін мемлекеттік қолдаулар, атап айтқанда, субсидия мөлшері түсіндірілді. Семинардың екінші бөлімі қала сыртында жалғасып, ол жерде ауданымызда өсіріліп жатқан етті ірі қара малдары көрініске қойылды.

Қ.Нұртайұлы.

Жарнама

ads_banner2

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

тамыз 2019
ПВСЧПСВ
1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner