Халықпен байланыс басты орында болуы керек

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекеттік органдардың халықпен дұрыс қарым-қатынас орнатуы қажеттігіне байланысты арнайы бөлім арнады. Олардың басты міндеті – қоғамдық диалог, ашықтық, халықтың мұқтаждығына оперативті түрде кері жауап қату екендігіне екпін жасады.

Өйткені сол өңірде көтерілген мәселені шешуі тиіс жергілікті шенділердің «кереңдігінен» адамдар бірден Президентке шағым айтып жатады. Ал сол мұң-мұқтажын айтып келген тұрғынның сөзі тыңдалып, арызы дер шағында қаралса, жергілікті жерден-ақ түйіні тарқатылатын істер қордаланып, көпшіліктің наразылығын тудырмас еді. Расында да, мәселенің әлденеше рет орнымен қаралып, әділетті шешілмеуі әлдебір мемлекеттік органда немесе сол өңірде жүйелі проблемалар тудырмақ.

Дана Баймағамбетова,

жас маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521