ads_banner

Жұмысқа орналасу оңай емес

Олар Қосшағыл ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Оған аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова, облыстық мәслихат депутаты Айтпай Сисенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сайлаубай Таласов және ауыл әкімдері мен тұрғындар қатысты. Кездесуді Нұрлыбек Жұмахметұлы ашып, жүргізіп отырды. Депутат Нұрлан Мәжитұлы Елбасы Жолдауындағы әлеуметтік бастамаларға кеңінен тоқталды.

-Маңызды құжаттың «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші басымдығында Елбасы жоғары білім беруге қатысты, педагог мәртебесі жайында бірқатар маңызды міндеттерді атады. 2019 жылы «Педагогтардың мәртебесі» туралы заң қабылданады. Бұл – қазақстандық ұстаздар қауымының қоғамдағы беделін арттырып, орнын айшықтауға зор қадам болмақ,-деді халық қалаулысы. Өз кезегінде М.Пішембаев Елбасы Жолдауында белгіленген міндеттер экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Елімізде индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналу, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту, қаржы секторын «қайта жаңғырту», негізгі медициналық қызмет көрсетуді цифрландыру бағыттарындағы мәселелерге жан-жақты тоқталды. Тұрғындар Елбасының Жолдауына қатысты өз пікірлерін білдіріп, депутаттарға сұрақтарын қойды. Кездесуде, негізінен, әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер қозғалды. Атап айтсақ, еңбекақы, әлеуметтік қолдау, зейнетақы жасы және тағы да басқалары.

Жастар жылы

Келесі кезекте аталған топ «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында бір топ аудан жастарымен кездесу өткізді. Кездесуді Нұрлыбек Жұмахметұлы жүргізіп, қонақтар мен кездесу мақсатын таныстырып өтті.

-Елбасы 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Өңірлерде қандай жұмыстарды жандандыру керектігі туралы сол жердің тұрғындары жақсы біледі. Сондықтан жоғарыдан тапсырма күткеннен гөрі, жастар ұтымды ұсыныстарын айтқаны жөн,-деді мәжілісмен Нұрлан Әбдіров. Депутат Мейрам Пішембаев Елбасы Жолдауындағы ел экономикасы мен халықтың әл-ауқатына қатысты нақты тапсырмалар туралы айтып өтті. Оның ішінде индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына кеңірек тоқталды. Аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Дана Баймағанбетова «Ауданда «Жас Отау» бағдарламасы жүзеге асса» деген тілегін жеткізді. Сонымен қатар жастар ашық алаңдарды жиі ұйымдастыруды ұсынды. Колледж түлектері ауданымыздағы ірі компанияларға жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Бұл мәселеге орай жауап берген Фарида Төлегенқызы жергілікті мамандарды жұмысқа орналастыру бағытында ТШО компаниясы мен аудан әкімдігі арасында келісім бар екенін жеткізді. Дегенмен шетелдік компаниялардың мамандарға қойып отырған талаптары да жоғары көрінеді. Мәжілісмендер жастарға білімнің ескіріп отыратынын, сондықтан әрдайым жаңалыққа жаны құштар жастардың болашағы зор болатынын жеткізді. Тұрғындармен кездесуден кейін депутаттар «Промэкология» ЖШС-ында болып, атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Қ.Дүйсенбетов.

Жарнама

ads_banner2

Күнтізбе

қазан 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031

Жарнама

ads_banner2

ads_banner