Жаңа өзгерістер жанымызды жадыратты

Өзім – көпбалалы анамын.

2020 жылдан бастап берілетін жәрдемақының жаңа түрі көпті қуантты деп ойлаймын. Өзім – көпбалалы анамын. Тіпті теледидар қарап, радио тыңдауға да қолымыз босамай жатады. Балаларды мектепке дайындаймын, балабақшаға баратындарды апарып-әкелемін.

7 қазанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында атаулы әлеуметтік көмек берудің жаңа тәсілі туралы хабарлапты. Оны жолдасымнан естіп, бірден ғаламторды ақтардым. Түсінуімше, жәрдемақыдан бөлек, «Әлеуметтік пакет» деген енгізілмекші екен. Бұл іске асатын болса, керемет болар еді. Еліміздің келешегі – тәрбиелеп жатқан ұрпағымыз ғой. Отбасымызда қаражат жағынан қиыншылық болып тұрғанда балаларымызға мектепте тегін тамақ беріліп, жетпеген мектеп формалары әперіліп жатса, біз қуанар едік. Сонымен қатар тегін медициналық көмек те беріліп қалуы мүмкін екен. Айтылғандардың барлығы көңілімізге қуаныш ұялатқаны шындық.

Гүлмира Есекенова,

көпбалалы ана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521